Әскерге Түркістан облысы жастарының кезекті легі аттанды

Әскерге Түркістан облысы жастарының кезекті легі аттанды

251 rob

Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

ҚР Қарулы Күштерінің мәртебесімен имиджін көтеруге және жастарды әскери қызметке насихаттау мақсатында Түркістан облысынан ҚР Ұлттық Ұлан әскери бөлімдеріне жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға Түркістан облысы бойынша Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Бегимов Тұрғанбек Әшірұлы, Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Кулдербаев Жандос Тынымбекұлы мен Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы полковник Нуржанов Дилмурад Абдурашитович, «Таулы Қарабахтағы соғыс қимылдарына қатысқан ардагерлер мен мүгедектерінің» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша төрағасы Дарибаев Махмуд Усенович және 6506 әскери бөлімінің Тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бөлімшесінің бастығы майор Утенов Арман Қалмұратұлы қатысты.

Жиналған қонақтардың алдында сөз сөйлеген Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Жандос Кулдербаев ер-азаматтар арасында әскерге баруға деген үлкен ұмтылыс пен патриотизмнің бар екенін атап өтті.

Өз еліңнің патриоты болу, оны қорғау – әр азаматтың Отан алдындағы абыройлы міндеті, қасиетті борышы! Ер-азамат сарбаз болып сапқа тұрып Отан алдында адал болу үшін ант беру аса маңызды сәт. Барлық әскерге аттанған жас сарбаздарды антына адал, сертке берік болып, әскери міндетті мінсіз атқаруына тілектеспін, — деп атап өтті жас сарбаздың әкесі.

Іс-шара соңында ҚР Ұлттық Ұланы 6506 әскери бөлімінің оркестрі және Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздар ұжымы әскерге шақырылушыларға арналған концерттік бағдарламасын тарту етті.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика