Әскердегі жаңа жылдың әсері бөлек

Әскердегі жаңа жылдың әсері бөлек

163 rob

Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы

Мен  үшін  жаңа  жыл  тек  жыл бастауы  ғана  дегенмен  күнтізбенің   алғашқы  бетін  албырт  шақтағы  аңдамай   басқан   қадамдарды  қайталамай,  тура жолмен  адымдау  басты  мақсатым.  

Әскер қатарында,  әсіресе,  физикалық  дайындығымды   жоғары  деңгейде  көрсеткім  келеді. Белтемірге тартылу  және  жақын  қашықтыққа  жүгіру  көрсеткішімнің  арта  түсуі жолында   күні-түні  қажымай  дайындалуға   әзірмін.  Иә, әскер  сапында таңның  атысы мен кештің батысы  қас қағым сәтте өте шығады. Сондықтан, мен үшін уақытпен санасу маңызды.  

Әрине,  әскерде  сен үшін күнделікті өмір сүрудің  өзіндік  тәртібі  белгілі  бір кестеге сай  жазылып қойған. Дегенмен,  бос  уақытымды  тиімді  һәм  ұтымды пайдалана  білуде  барымды  салмақпын.  Әрине,   «еріншектің ертеңі бітпес»  дейді.   Мен осы жылы, мейлі, мойынұсынып өтемін.  

Алайда,  жаңа жыл   мен үшін өзгеретін жыл болмақ.  

Тұтас түсетін  жыланның  түлеген терісіндей  келер  жылан жылына толықтай жаңаша сана сезіммен,   жаңаша  ұстаныммен   бармақпын.  

Сіздерге де  келер жылда,   келер  күнде  келелі істерге  көшіңіздер деп кеңес беремін.  

Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін.  Алайда,  Отан  алдындағы   парызымызды  абыройлы өткеру  –  мен үшін,  біздің әулет  үшін де  үлкен мәртебе деп санаймын. Ескі жыл — мұңның, өкпе-наздың барлығын артқа тастап, қиындық атаулыны өзімен бірге ала кетсін. Жаңа жыл жетістіктерге, әсерлі сәттер мен қуанышқа толы болсын.

Дүйсенбай Моратхан 5518 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері 

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика