513 rob
6 қаңтарда сағат 20.48-де Назарбаев даңғылындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты. Санаулы минуттарда келген өрт сөндіру бөлімшелері бірінші кезекте баспалдақпен 8 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы құтқарып, түтін басқан кіреберістен 10 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Өрт 15 шаршы метр аумақта сөндірілді. Пәтерде төсек-орын жанды. Барлау барысында өрт орнында 1980 жылы туған үй иесінің ұлының мәйіті табылды.
Дер кезінде көмекке келген өрт сөндірушілер 1984 жылы туған адамды құтқарып, оны қою түтін басқан пәтерден алып шықты.Ол жанған өнімдермен улану және термиялық күйік алу белгілерімен жедел-жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілді.
Өрттің шығу себебі ретінде төсекте мас күйінде темекі шегу болжамы пысықталуда.
Сөндіру жұмыстарына барлығы 14 өрт сөндіруші мен 6 бірлік техника жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.Тұрғын үй-жайларда, әсіресе алкогольдік мас күйінде темекі шегуге жол бермеңіз.
Мұндай өрттер өте қарапайым схема бойынша басталады: ішіп, темекі шегіп, ұйықтап қалды… Жанып тұрған темекі қауіпті, өйткені ол төсек-орын жабдықтарын және басқа жанғыш материалдарды тұтатып қана қоймайды, сонымен қатар бөлменің қатты түтін басуына ықпал етеді, бұл ыдырау өнімдерімен улануды және ұйықтап жатқан адамның өлімін тудырады.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.
Источник: qazaq.asia