Сиқырлы әлемге саяхат: Қарағанды театрындағы балаларға арналған жаңа спектакль

Сиқырлы әлемге саяхат: Қарағанды театрындағы балаларға арналған жаңа спектакль

251 rob

Фотосурет: factum.kz және Қарағанды облысының әкімдігі

Жаңа жыл қарсаңында қарағандылық К. С. Станиславский атындағы театрында балаларға арналған жаңа спектакль қойылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Сиқырлы сақина» ертегісі екі жастан бастап балаларға қызықты болады.

Спектакль достық пен өзара көмек, адалдық туралы баяндайды. Бәріне адал еңбекпен,ақылымен қол жеткізуге үйретеді. Қоюшы-режиссер – Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Сергей Грязнов.

Спектакль алдында театрдың фойесінде шыршаның жанында театрландырылған қойылым өтеді. Көрсетілім 21 желтоқсаннан бастап сағат 14.00-де және 16.00-де басталады.

Әрі қарай, кішкентай көрермендер жаңа жылдық атмосфераға 22-30 желтоқсан аралығында 12:00, 14:00 және 16:00-де бөлене алады.

Келесі жылы ертегі мен театрдағы қойылым 2, 3, 6, 7 қаңтарда сағат 12:00 және 14:00-де болады. Ертеңгілік пен спектакльдің жалпы ұзақтығы – 1 сағат 30 минут.

Билеттерді театр кассасынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика