Шымкенттің сауда-логистикалық өңірлік хабқа айналуға мүмкіндігі бар — Смайылов Кеше, 18:50

Шымкенттің сауда-логистикалық өңірлік хабқа айналуға мүмкіндігі бар — Смайылов
Кеше, 18:50

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Мемлекет басшысы тапсырмасының жергілікті жерде орындалу

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Мемлекет басшысы тапсырмасының жергілікті жерде орындалу барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралау жоспарланған.

Үкімет басшысы алдымен қаладағы заманауи сауда-логистикалық орталыққа барды. Қала әкімі М.Әйтенов шаhарда индустриялық аймақтарды дамыту, сауда-логистикалық орталықты кеңейту жұмыстарының барысынан хабардар етті.
Бүгінде Орталықтың қуаттылығы жылына 1 миллион тонна тауарды қабылдап алуға, сақтауға және жөнелтуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сауда-логистикалық орталықты кеңейту, оған қажетті инфрақұрылым жүйелерін тарту жүргізілуде. 2023-2027 жылдары 136 га аумаққа 10 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Үкімет басшысы Шымкент қаласындағы аталған сауда-логистикалық аймақты кеңейту арқылы Қазақстанның бүкіл Оңтүстік өңірін қамтитын Өңірлік хаб құрудың мүмкіндігі зор екенін атап өтті.

«Индустриялды аймақтарды кеңейту жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бүгінде өнеркәсіп өнім көлемін арттыру өте маңызды. Сауда-логистикалық орталықты кеңейтуге, Шымкент қаласының өңірлік хабқа айналуына барлық мүмкіндігі бар. Ол бағаны төмендетіп, ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз ету бойынша экономикаға оң әсерін тигізеді. Үкімет тарапынан қандай көмек керек болса, біз қолдауға дайынбыз», — деді Ә.Смайылов.

Жалпы, бүгінде Шымкент қаласында жаңадан 4 өндірістік алаң құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Онда жалпы құны 459 миллиард теңгені құрайтын 121 инвестициялық жоба іске асырылады деп жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы ұсынған

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика