245 rob
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі
Отанды қорғау – ұлы міндет. 35748 әскери бөлімінде Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласынан келген 200-ге жуық сарбаз салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Енді олар еліміздің Қарулы Күштерінің сапын толықтырмақ. Аз уақытта әскери тәртіпке үйреніп қалған олар Отан алдындағы борышын адал орындауға серт берді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Трибунадан бригада командирі полковник Амиркожа Айткожин, сондай-ақ ардагерлер ұйымдарының өкілдері мен ата-аналар құттықтау сөз сөйлеп ізгі тілектерін айтты.
Әскери рәсімді өткізу үшін қонақтар мен командирлерінің сөзінен кейін қолында қаруы бар сарбаздар өз борышын лайықты орындауға, ел бостандығы, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысын, халықты және заңды түрде сайланған Қазақстан Республикасының Президентін батыл қорғауға ант берді.
«Сарбаздар берген анттарына адал, аттарына заты лайық азаматтар бола берсін! Әскери міндет — өте маңызды абыройлы іс. Ел алдында, Отан алдында, халықтың алдында міндеттерінді адал атқарып, үйлеріңе аман-сау оралыңдар. Біз сіздерден үлкен үміт күтеміз!», — деді бөлім командирі полковник Амиркожа Айткожин
Жалпы, жас сарбаздар үшiн бұл күннiң орны ерекше.
Ең бастысы, Отан алдындағы борышын адал атқару мен ел алдында жауапты азамат екенiн терең сезiнетiн күн.
Салтанаты жиын жабық деп жарияланғаннан соң әскери бөлім басшылары ата-аналармен кездесіп, әңгімелесті. Оларды мазалаған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, ата-аналар өздерінің балалары жатып демалатын, тамақ ішетін орындармен танысты. Жиын соңында әскери бөлімнің көркем өнерпаздарының шағын мерекелік концертіне ұласты.
Источник: qazaq.asia