Шымкентте кассадан 12 миллион теңге жымқырған ер адам сотталды Кеше, 14:18

Шымкентте кассадан 12 миллион теңге жымқырған ер адам сотталды
Кеше, 14:18

Шымкентте жанар-жағармай бекетінің кассасынан 12 миллион теңге жымқырған ер адам сотталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


ото: polisia.kz

Шымкентте жанар-жағармай бекетінің кассасынан 12 миллион теңге жымқырған ер адам сотталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға жанар-жағармай бекетінің кассасынан аса ірі мөлшерде ақша жымқырылғаны туралы арыз түсті. Кәсіпкердің айтуынша, кассирші жігіт тәуліктік кезекшілікке түскенде төлем қабылдайтын банк құрылғысының болмауына байланысты тұтынушыларға өзінің жеке есепшотын айтып, ақшаны сонда аудартып отырған.

«Осылайша, ол жанар-жағармай сатудан түскен қаражатты кассаға толық өткізбей, жәбірленушіге 12 350 000 теңге шығын келтірген. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді», — делінген хабарламада.

35 жастағы жергілікті тұрғын жымқырған ақшаны жеке қажетіне жаратып жібергені анықталған. Тергеушілер барлық айғақтарды жинап, қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдады.

Нәтижесінде, сот ер адамды кінәлі деп танып, оны 5 жылға материалдық жауаптылықпен байланысты қызметтерді атқару құқығынан және 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика