273 rob
Фотосурет: pixabay.com
29 қаңтар күні сағат 17.25-те Шымкент қаласы ТЖД кезекші қызметінің пультіне 2018 жылы туған баланың балалар бассейніне батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Оқиға Тұран ауданының 8 шағын ауданында орналасқан фитнес-клубта болды.
Құтқарушылар келгеннен кейін балалар бассейнінде шомылу кезінде (тереңдігі 1,2 м.ені 5 м.) бала ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кеткені анықталды. Оқиғаның мән-жайын уәкілетті органдар белгілейді, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Шымкент қаласының ТЖД бассейнде шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады:
- Балалар ересектердің бақылауында болуы керек. Егер сіз мықты жүзетін адам болсаңыз да, Сізге көмек қай уақытта қажет болатынын ешқашан болжай алмайсыз.
- Бассейн әр адам қаупсіздік ережелерін сақтаған кезде ғана қауіпсіз болады.
- Егер қандай да бір мәселе туындаса, ересектерге міндетті түрде хабарлаңыз. Ересектер сіздің жарақат алмағаныңызға және демалу кезінде толық қауіпсіз екендігіңізге көз жеткізуге міндетті.
- Ешқашан бассейннің айналасында жүгірмеңіз. Сіз тайғанап, жарақат алуыңыз мүмкін, сонымен қатар айналаңыздағылар еріксіз жарақаттауыңыз мүмкін.
Әрқашан сақ болыңыз! Балаларды бассейн аумағында және ішінде сақтық шаларын ұстануға үйретіңіз!
Источник: qazaq.asia