Шымкентте 15 жаңа бағдаршам орнатылды

Шымкентте 15 жаңа бағдаршам орнатылды

Шымкент қаласы аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын жаңа бағдаршамдар орнатылуда. Биыл қажеттілігі бар аймақтарға тағы 15 бағдаршам қойылды.

Жалпы шаһарда 293 бағдаршам нысандарын күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, қала көшелеріне жалпы 450 шақырым жол таңбалары сызылып, 4000 қауіпсіздік белгісі қойылған болатын.
Қала берді, қаланың  орталық көшелеріне ағымдағы жылы заманауи үлгідегі жаңа 150 аялдама павильонын орнату жоспарланған. Осыған дейін белгіленген орындарға 140 шыны типтегі аялдама орнатылса, қалғандарын жыл соңына дейін қою межеленіп отыр.Шымкент қалалық мәслихатпен бекітілген жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес 77 бағытта жаңа маршруттық желі  әзірленді. Желіде 6 ХАБ, 33 жеткізуші, 39 магистралды және  6 айналма маршрут қаралған. Бүгінгі танда маршруттар толығымен қызмет көрсетуде. Шет аймақтарда орналасқан  барлық шағын аудандар мен тұрғын-үй алабтарының қоғамдық көлікпен 100%-ы қамтылды.
Қазіргі уақытта қалада жолаушыларға 77 тұрақты маршрут қызмет көрсетуде. Күнделікте маршруттарға 916 автобус шығады.  Жалпы автобустардың саны резервпен қоса 1020 автобусты құрайды. Жеке меншік  11 компания жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысады.Айта кеткен жөн, автобустардың барлығы тұрақты маршруттарда қызмет көрсетуде. Үшінші мегаполисте жол-көлік қозғалысы бағытындағы мәселе қашанда өзекті. Сондықтан, осы мақсатта қарқынды жұмыстар жалғасын таба бермек.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика