ҚР Тәуелсіздік күніне орай Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен оған бағынысты мекемелер және қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығының қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті.
Спорттық сайысқа түскен әлеуметтік сала мамандарының мақсаты — бұқаралық спортты насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Әріптестер ашық алаңда жиі кездесіп, өзара достық-қарым қатынасты нығайтуда.
Жарыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласы «Еңбек мобильділігі» орталығының командасы I орынға ие болды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ойыншылары II орынды қанжығаға байласа, әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарынан құралған “Достық” құрама командасы III орынды иемденді. Жеңімпаздарға арнайы кубоктар табыс етілді. Сонымен қатар үздік ойын көрсеткен ойыншылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Жарыс жүлдегерлерін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасарлары Мақсат Жолдасбеков пен Сабыржан Арапбай марапаттады.
Айта кетейік, салауатты өмір салтын насихаттау мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби және жалпы аурулар мен олардың алдын -алу тәсілдері туралы хабардар болуын арттыруға бағытталған денсаулық сақтау басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Осы мақсатта, басқарма қызметкерлердің кәсіби аурулар және денсаулықты сақтау мен жақсы хал-жағдай сақтау үшін қажетті өмір салтын өзгерту мәселелерінде белсенділіктерін арттыру бойынша тұрақты жұмыс атқарып келеді. Бұл қызметкерлердің өздеріне ғана емес, сонымен бірге өз денсаулықтарына және отбасы мүшелерінің денсаулығына да жауапкершілікпен қарауға көмектеседі.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Источник: qazaq.asia