Шымкент мұнай өңдеу зауыты: кеңейту жоспарлары және жобаның маңыздылығы

Шымкент мұнай өңдеу зауыты: кеңейту жоспарлары және жобаның маңыздылығы

233 rob

Фотосурет: ҚР ЭМ

2023 жылғы 29 қарашада ҚР Энергетика вице-министрі Е. Ақкенженов пен Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков «ПКОП» ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауытында болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сапар барысында вице-министр зауыттың өндірістік қызметімен, кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңейту жөніндегі алдағы жоспарлармен танысып, еңбек/өндірістік ұжымның басшылық құрамымен кездесті.

Өз сөзінде Е.Ақкенженов болашақ «ПҚОП өндірістік қуаттарын кеңейту» жобасымен тығыз байланысты бірінші кезектегі мәселелерді шешуге жәрдемдесу қажеттігін атап өтті.

«ПКОП» ЖШС президенті Е.О. Қожабаев қатысып отырған қонақтарды ағымдағы/өндірістік қызметімен таныстырып, кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңейту жоспарларымен бөлісті.

Кездесу аясында Шымкент қаласы әкімдігі мен «ПКОП» ЖШС арасында «ПКОП» ЖШС-нің өндірістік қуатын жылына 12 млн.тоннаға дейін кеңейту» жобасының мұқтаждықтары үшін жер учаскелерін бөлу және «ПКОП» ЖШС-нің өндірістік-технологиялық мұқтаждықтары үшін үздіксіз сумен қамтамасыз ету бойынша Жол картасына қол қойылды.

Жиын соңында қала әкімі жергілікті атқарушы органдарға Жол картасында көрсетілген бірінші кезектегі мәселелерді шешуге барынша қолдау білдіруді тапсырды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика