Шымкент: эпидемиологиялық ахуал тұрақталды

Шымкент: эпидемиологиялық ахуал тұрақталды

Бүгін Шымкентте қызылшаға қарсы вакцинация жұмысын күшейту мақсатында сала мамандары ата-аналармен кездесу өткізді. Жиынға қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков, басқарма басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева, ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Инна Глазебная, сондай-ақ басқа да жауапты мамандар мен ата-аналар қатысты. 
Кездесуде медицина мамандары вакцинаның қажеттілігін атап өтіп, балаларда  қызылша ауруының асқынуынан пайда болатын ақауларды түсіндірді.

–2023 жылдың наурыз айынан бастап Шымкент қаласы бойынша қызылшамен 3082 жағдайы тіркелді. Науқастардың ішінде балалар 87 пайызды құрайды. Олардың шамамен 60 пайызы ата-аналарының бас тартуына байланысты қызылшаға қарсы екпе алмаған, – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков.
Жиынға келген ата-аналар мамандарға өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Бүгінде үздіксіз ақпараттандыру нәтижесінде қалада 42 581 адам екпе алған (36,1%). Жаппай екпе егу бойынша ақпараттық жұмыстар әлі де жалғасуда.
Басқарма басшысы соңғы бір аптада қалада эпидемилогиялық жағдай тұрақталғанан атап өтті. Дегенмен түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыр.
Айта кетейік, қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцинация жүргізу үшін қаланың барлық емханаларында вакцинаның жеткілікті қоры бар.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика