336 rob
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болып Шәкір Сұлтанхан тағайындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Шәкір Асылханұлы Сұлтанхан 1971 жылы дүниеге келген. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.
Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 22 жылдан асады.
Алматы қалалық ішкі істер органдарында, Алматы қалалық әділет басқармасының сот орындаушысы, аға сот орындаушысы, бас маман, бөлім басшысы, Алматы облысы бойынша әділет басқармасы және Алматы қаласы бойынша әділет департаменті басшысының орынбасары, Тіркеу қызмет комитетінің Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығының директоры, Алматы қалалық энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін Ш.А. Сұлтанхан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болды.
Источник: qazaq.asia