Шымбұлақтағы мерейтойлық маусым: олимпиадалық деңгейде сырғанауға 70 жыл

Шымбұлақтағы мерейтойлық маусым: олимпиадалық деңгейде сырғанауға 70 жыл

166 rob

Фотосурет: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда 23 желтоқсанда Шымбұлақ тау курортының 70 жылдығына орай мерейтойлық сырғанау маусымы ашылады, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Курорттың тарихы 1954 жылы «Шымбұлақта» тау шаңғысы спортынан алғашқы бүкілодақтық жарыстар өткізіле бастаған кезден басталады.

1983 жылдан бастап Шымбұлақ тау шаңғысынан даярлайтын олимпиадалық орталыққа айналды. Ал 2010 жылы «Медеуден» «Шымбұлақ» базалық стансасына дейін гондола жолы іске қосылды.

Маусымның ашылуына орай тау курорты қонақтарға бірқатар өзгерістер дайындады:

— Комби-1 орта стансасында жаңа ақпараттық орталық ашылады.

 — балаларды шаңғыға үйрету үшін «Шымбұлақ» базалық стансасында Ақ Барсик жаңа оқу трассасы іске қосылады.

— Medeu Camp глампинг аумағында «Monti Bambini» мейрамханасының ашылуы өтеді.

— «Талғар асуы» стансасында SYÑ 32 мейрамханасының ашылуы өтеді.

— «Медеу» базалық стансасының аумағында «Shymbulak Medeu Camp» балалар тау лагері аясында отбасылық демалысқа арналған глампинг ұйымдастырылады.

— «Медеу» базалық стансасында ауданы 1 100 м2 шығармашылық хабтың ашылуы өтеді.

— «Шымбұлақ» базалық станспсында pop-up Park ашылуы өтеді.

Айта кету керек, 2011 жылы Шымбұлақта Қысқы Азия ойындарына орай жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы тау шаңғысы, сноуборд және фристайлдан Дүниежүзілік Қысқы Универсиада өтті. 2019 жылдан бастап курортта фристайлдан әлем кубогының кезеңдері өткізілуде. Сондай-ақ 2021 жылы Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет фристайлдан әлем чемпионаты өткізілді.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 26 наурызында «Шымбұлақ» Гиннестің рекордтар кітабына «Әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы» бар курорт ретінде ресми түрде енді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика