Синоптиктер 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- АВТОР
- Гүлнара Досымшалова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Синоптиктер 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болатындықтан көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік өңірлерде солтүстік циклон жырасына байланысты аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді, батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман түседі», — делінген хабарламада.
Түнде Алматы облысының солтүстігінде және шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарда 25 градус қатты аяз болуы мүмкін.
Астанада көшпелі бұлтты, аздаған қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -14-16, күндіз -8-10 градус болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -1-3 градус болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз +2+4 градус болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia