Шығыс Қазақстанның аудандық ауруханалары босануға көмек көрсетудің жаңа деңгейіне көшіп жатыр

Шығыс Қазақстанның аудандық ауруханалары босануға көмек көрсетудің жаңа деңгейіне көшіп жатыр

384 rob

Катонқарағай мен Зайсан ауданы халқы үшін аудандық ауруханалардың перзентханаларында күрделі жөндеу жүргізу және оларды босануға көмек көрсетудің екінші деңгейіне ауыстыру көптен күткен жақсы жаңалық болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ана мен баланы қорғау денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыты екенін атап өткен жөн.  Қолжетімді және сапалы акушерлік-гинекологиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін медициналық көмек көрсету қызметін дамытудың үш деңгейлі интеграцияланған моделі құрылғаны белгілі.

Мәселен, бірінші деңгейде көмек асқынуы болмаған жүкті әйелдерге көрсетілсе, екінші деңгейде созылмалы аурулары мен қазіргі және алдыңғы жүктілік кезінде асқынулары болған жүкті әйелдерге, үшінші деңгейде – ауыр созылмалы аурулары бар жүкті әйелдерге, ана мен баланың өмірі мен денсаулығына елеулі қатерлер төнген кезде көрсетіледі.

Зайсан қаласы мен Үлкен Нарын ауылындағы жаңартылған перзентханалар өз пациенттерін — болашақ аналарын қабылдап жатыр. Бөлімшелер жүктіліктің 32 аптасында туған сәбилерді күтуге арналған заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Бұл — жаңа туған нәрестелерге арналған ашық реанимациялық жүйе, нәрестелерді оттегімен қамтамасыз етуге арналған желдеткіш, кардиотокограф, ультрадыбыстық аппарат, трансформаторлық креслолар және т.б аппараттар.

Мысалы, Үлкен Нарын ауылындағы орталық аудандық аурухананың перзентханасының жеке палаталары қажетті тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Қолайлы палаталар сонымен қатар жоғары технологиялық медициналық құралдармен де жарақтандырылған. Қарқынды терапия палатасында ең күрделі жағдайларда шұғыл көмек көрсетуге арналған жабдықтар орнатылды. Үлкен Нарын ауылының тұрғыны Амина тұңғыш баласын  туған ауылында дүниеге әкелді.

«Кішкентай шығысқазақстандықтардың осындай жайлы жағдайда дүниеге келуі, ал жас аналарға барлық қажетті көмектің көрсетілетіні ерекше маңызды. Көптеген келіншектер келешекте де  босану үшін осында оралғысы келетініне сенімдімін»  Шолпан Мақашева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық көмекті ұйымдастыру, ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары

«Өңірде жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге білікті медициналық көмек көрсету үшін облыстық ана мен бала орталығының консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің базасында шарананы қорғау орталығы құрылған болатын. Былтыр Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ресурстарын пайдалана отырып, ғылыми және республикалық клиникалардың профессорлары және жетекші бейінді мамандарымен бірлесіп жүктілігі асқынған және ауыр босанған әйелдерге телемедицинаның көмегімен 36 сессиясы өткізілді. Санитарлық авиация 23 рет ұшып шықты, бір әйелге  тұрғылықты жерінде ота жасалды, ауыр жағдайдағы  23 әйел облыс орталығына жеткізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыр жағдайдағы 31 әйел құтқарылды    Марат Куксегенов, облыстың бас акушер-гинекологы

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика