ШЫҰ қорғаныс ведомстволары болашақ жоспарларын талқылады

ШЫҰ қорғаныс ведомстволары болашақ жоспарларын талқылады

142 rob

Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада Ұлттық қорғаныс университетінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі жанындағы сараптамалық жұмыс тобының XVIII отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оған Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты. Ал Белоруссияның әскери сарапшылары бақылаушылар ретінде қатысты.

Отырыста ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрліктерінің ынтымақтастық жоспарын іске асыру, халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және осы салада кадрлар даярлау мәселелері қаралды. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің өкілі Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қытай арасындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісімдерді іске асыру жөнінде баяндама жасады.

Еліміз Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына 2023 жылдың маусымынан 2024 жылдың шілдесіне дейін төрағалық ететінін айта кетелік. Жоспар бойынша кезекті отырыс Қазақстанда келесі жылдың наурыз айында өтеді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика