218 rob
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі
«Шалқыма» концерт залында 30 қараша күні сағат 18:30-да қарағандылық Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Мерей» ансамблінің шығармашылық кеші өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Шексіз ғажап өнерім» концертінде Shakatak «Night Birds», «Риясыз махаббат», «Қарағандым», «Аққұм», «Қайырлы түн», «Құмған алған», «Me muero de amor», «Бір ноталы самба» және т. б. шығармалар орындалады.
«Мерей» вокалдық-аспаптық ансамблі 1956 жылы құрылған Қарағанды филармониясының «Музыкалық лектория» базасында құрылды. Жұмыс барысында ұжым құрамы бірнеше рет өзгерді. Ол ішекті квартет және камералық оркестр болатын.
Бүгінгі таңда ансамбль құрамына дарынды жастар қосылды. Ерлер триосы құрылды.
Ұзақ уақыт бойы ұжымды Борис Пропищан басқарды, қазір ансамбльді Серік Асанбаев басқарады.
«Мерей» қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі концерттерге қатысады.
Билеттерді «Шалқыма» к/з кассасынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.
Источник: qazaq.asia