Домой Қазақша Шетте құтқару: Алматыдан драмалық тарих

Шетте құтқару: Алматыдан драмалық тарих

10
0

Шетте құтқару: Алматыдан драмалық тарих

168 Awrora

Фотосурет: Gov

2023 жылғы 28 желтоқсан күні  12 сағат 11 минутта Алматы қ ТЖД  күштер мен құралдары жоғары дәреже бойынша Алатау ауданындағы Шаңырақ-2, Жалантос Бахадур көшесіне  өрт туралы хабарламаға жіберілді.

19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте жеке тұрғын үйдің аумағында 60 шаршы метр өрт шарпыған уақытша тұрғы үй анықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оттың таралу қауіпі төнді 19 МӨСБ газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары өртті сөндіруге оқпандар дереу енгізіп, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды, осылайша су беру жұмыстары қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралармен өрт сағ. 12:37-де оқшауланып, сағ. 12:52-де жойылды.

Өрт сөндіру есептері келгенге дейін ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының көршілес тұратын құтқарушысы Ұлан Мұхамадиев, сондай-ақ азамат Арман Атзакир (курьер) қыштан жасалған қабырғаны ойып алып  2010 ж.т.  Жанып тұрған екі бөлмелі үй-жайға қамалған баланы құтқарып алды.

Белгілі болғандай, 36 жастағы құтқарушысы Ұлан Мұхамадиев 2023 жылдың 28 желтоқсанында  тәуліктік кезекшілікті өтегеннен кейін үйіне оралып келе жатқанда  өртті көрді. Ұлан дереу, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін, Арман есімді  көршісімен бірге саман ғимаратының бөлмесінің қабырғаларын сындырып, 2010 жылы туған баланы құтқарды. Қазіргі уақытта баланың өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төніп тұрған жоқ.  

«Мен өртті негізгі кіреберістен көрдім, жүгіріп келе жатқан баладан телефонмен оның досы үйде екендігі туралы ақпарат алдым, иесі темір құрылғыны маған беріп, әрі қарай  түтіндеп тұрған кішкентай баланы көрдім. Жарақат алмау үшін ол балаға еңкейіп, жатуын өтіндім, содан кейін қабырғаны сындырып, баланы құтқарып алдық көрші екеуміз» Ұлан Мұхамадиев

Ол үш жылға жуық құтқарушы болып қызметте, өзін батыл құтқарушы ретінде көрсете білді, әртүрлі ТЖ зардаптарын жоюға, су айдындарында және таулы жерлерде бірнеше рет қатысты. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Источник: qazaq.asia

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму