Шетелдік әйел жаңа туған сәбиін Қазақстанда сатпақ болған Кеше, 09:56

Шетелдік әйел жаңа туған сәбиін Қазақстанда сатпақ болған
Кеше, 09:56

Қазақстанда жаңадан туған баласын сатып жібермек болған шетелдік әйел ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстанда жаңадан туған баласын сатып жібермек болған шетелдік әйел ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 қарашада Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Қарасай ауданының аумағында көрші республиканың 24 жастағы тумасын ұстады. Ол азаматшаның әлеуметтік желіде жүктіліктің жетінші айындағы туылмаған баласын сату туралы хабарландыру жариялағаны анықталды.

«Бұл дерек ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлігі бойынша Қарасай ауданы ПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптама тағайындаумен тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деді облыстық полиция бастығы Бауыржан Әленов.

Заңнамада белгіленген тәртіппен ұсталған азаматша аудандық полицияның УҰИ-на қамаққа алынды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика