«Шахмат спортын дамыту» жобасы: үздіктерді іріктеп, жарысқа шығу мүмкіндігін жасау

«Шахмат спортын дамыту» жобасы: үздіктерді іріктеп, жарысқа шығу мүмкіндігін жасау

248 rob

Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандыда «Шахмат спортын дамыту» жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Шахматшылардың жетістіктері мен дамуы туралы облыстық шахмат федерациясы мен қала әкімдігінің өкілдері баспасөз мәслихатында айтып берді.

– Қарағандыда шахмат спортын дамыту жобасы 2015 жылы қала әкімшілігінің бастамасымен басталып, бүгінге дейін жалғасуда. Оның басты мақсаты-үздік шахматшыларды іріктеу және жарысқа шетелге шығу мүмкіндігін жасау. Жоба әлі де жалғасады, бұл қарағандылық спортшылар үшін тамаша мүмкіндік әрі  шахматты  дамытуға ынталандырудың тамаша мүмкіндігі, – деп есептейді Қарағанды әкімдігінің мәдениет және спорт секторының басшысы Берік Досымбеков.

Жақында біздің жерлестеріміз Италиядағы Монтесильванодағы 18 жасқа дейінгілер арасындағы классикалық шахматтан әлем чемпионатынан оралды. Бұған дейін олар Грузиядағы (Батуми) жылдам шахмат пен блицтен және Эйндховеннен (Голландия), сондай-ақ «Батуми муниципалитетінің Кубогы» шахмат фестиваліне қатысты.

– Дамудың үшінші бағдарламасы дайындалуда. Біріншісі қандай да бір биіктерге жеткен шахматшыларымызға өз нәтижелерін бекітуге және көрсетуге мүмкіндік беруге бағытталған. 2015 жылдан 2019 жылға дейінгі Алғашқы бағдарламаның нәтижелері бойынша бізде екі ФИДЕ шебері бар – Игорь Клименко және Виктор Максименко. 2019 жылдан 2023 жылға дейін жобаның міндеті жас таланттарды табу. Оларды жетістікке, шеберлікке жеткізу. Ал 2019 жылы Қарағанды құрамасы жасөспірімдер олимпиадасында 26-шы орынға тұрақтады. Біздің команда АҚШ құрамасынан жоғары орынға ие болды. Биыл қарағандылықтар жасөспірімдер олимпиадасына барып, рапид пен блицтен әлем чемпионатына, 14, 16 және 18 жасқа дейінгі шахматтан классикалық жарыстарға қатысты. Үздік нәтижені Даниял Сапенов көрсетті-ол рапидтен қола медаль алды, ал Мадияр Алтынбекұлы блицте алтыншы болды, Еркеназ Қожиахметова да жақсы ойын көрсетті. Биыл біз Ұлттық жасөспірімдер құрамасына Даниял Сапеновті,ал  Альбина Қайырбекованы  ұлттық құраманың резервіне бердік, – дейді Қарағанды облыстық шахмат федерациясының атқарушы директоры Олег Ринас.

Үшінші бағдарлама да жас таланттарды табуға және шебер деңгейіне дейін өсуді қажет ететіндерге көмектесуге бағытталған.

– Маған шахматпен айналысуға анам кеңес берді. Мен бес жылдан бері жаттығып келемін. Өзіме ұнайды. Биыл Италияда өткен әлем чемпионатына қатыстым. Үндістан, Франция, Тайвань елдерінен келген қарсыластармен ойнадым. Шахмат ойнағысы келген жан, көп тер төгуге де дайын болу керек. Бұл спортта шыдамдылық қажет. Шахмат ойлауды, логиканы дамытады. Мен күн сайын кәсіби жаттығулар жасаймын. Менің жаттықтырушыларым – Бауыржан Қасымов пен Берік Аққозов, – дейді жас шахматшы Еркеназ Қожиахметова.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика