ШҚО құтқарушылары жаттықтырушылар мен балаларға көмекке келді

ШҚО құтқарушылары жаттықтырушылар мен балаларға көмекке келді

664 rob

ШҚО ТЖД құтқарушыларына Глубокое ауданының Топчиха ауылындағы балаларға арналған спорт клубтарының бірінде 2 жаттықтырушы мен 8 бала қалғаны, олар ауа райының қолайсыздығынан ауылды өз бетінше тастап, Өскемен қаласына орала алмай жатқаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оларда азық-түлік таусылған екен. Көмекке ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жол талғамайтын «ШЕРП» техникасымен келді.

Құтқарушылар жаттықтырушылар мен балаларды қалаға аман-есен жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес.

ШҚО ТЖД азаматтардан автожолдардың жабылуына түсіністікпен қарауға кеңес береді, бұл іс-шаралар Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін жасалады.

Дауылды ескерту кезінде тәуекелге бармаңыз, елді мекендерден шықпаңыз . Қысқы жол әрқашан қауіп төндіреді.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика