ШҚО-дағы гематологиялық орталық гемобластоздан болатын өлімді азайтуға көмектеседі

ШҚО-дағы гематологиялық орталық гемобластоздан болатын өлімді азайтуға көмектеседі

149 Awrora

Фотосурет: Мәжілістің Баспасөз қызметі

Мәжілісімендер құрылысы ұзаққа созылған гемотологиялық орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шығыс Қазақстан облысына Мәжіліс депутаттары Ұлықбек Тұмашинов пен Ерлан Саиров жұмыс сапарымен келді. Олар Өскемен қаласыныдағы құрылысы ұзаққа созылған гемотологиялық орталықтың жұмысымен танысты. Бұл ірі жоба қан жүйесі мен кардио-тамыр жүйесі ауруларын диагностикалау мен емдеудің жоғары деңгейіне шығаруға арналған. Ол елдегі медициналық көмектің сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Облыс орталығында гематологиялық орталықтың құрылысы әлі жалғасуда.

«Бұл нысанның құрылысын аяқтауға 50 млрд теңге қажет. Республикалық бюджеттен қаржы қарастыру өте күрделі. Мәселені шешудің өзге де амалын қарастыру керек. Біріншіден, халқымыздың денсаулығы өте маңызды. Ата заңда мемлекеттің басты құндылығы – адам деп жазылған. Біз денсаулық сақтау министрлігімен, министрлер кабинетімен бірлесіп, бұл мәселенің ортақ шешімін табуымыз қажет деп ойлаймын. Бұл нысанның құрылысын міндетті түрде аяқтау керек» Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров

Нысан бірнеше корпусты қамтиды. Бас ғимаратта химиотерапия күндізгі стационары, балалар стационары, соматика, ересектер гематологиясы, кардиология және кардиохирургия, сондай-ақ сүйек кемігін трансплантациялау бөлімшелері болады.

Сонымен қатар консультациялық-диагностикалық бөлімше де жұмыс істейді. Барлық құрылыс-монтаж жұмысы өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде.

«Гемотологиялық орталықты салу Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысы бірге болған кезде қолға алынған. Нысанды салудағы басты мақсат – Семей полигонынан зардап шеккен азаматтарды емдеу болатын. Ал қазір облыс екіге бөлінді. Нысанның құрылысының аяқталуы созылып кетті. Бұл мәселеге ат үсті қарауға болмайды. Халықтың ақшасы салынғаннан кейін нысан құрылысы аяқталып елдің игілігіне жұмыс істеуі тиіс» Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов

Мұндай ауқымды жобаны іске асыру гемабластоздан болатын өлім-жітімді едәуір азайтуға, сондай-ақ балалар гематологиялық қызметін енгізуге көмектесетіндігін қоса айта кеткен жөн.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика