214 rob
Фотосурет: А.Байжұманов / Сенаттың Баспасөз қызметі
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Хаттама ҰҚШҰ Жарғының 8-ші және 17-ші баптарына толықтырулар енгізуді көздейді. Ол Ұйымға мүше мемлекеттерге биологиялық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін орындау үшін Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға мүмкіндік беретін толықтыру енгізіліп отыр.
Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимыл аясын кеңейтуге және Ұйым хатшылығының кадр мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді.
Комитет мүшелері талқылау нәтижесі бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.
Источник: qazaq.asia