Сертіне адал сарбаз

Сертіне адал сарбаз

348 Awrora

Фотосурет: Ұлттық ұлан

Мерзімді қызмет атқару жолында жауынгерлік дайындықтың алғыры атанған Ұлттық ұланның сарбаздары жетерлік. Солардың қатарында Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімінің маманы ефрейтор Тахир Ильбеев пен Степногорск қаласындағы 3517 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Ұлықбек Сәрсен бар.

Ефрейтор Тахир Мухамадович 2000 жылдың 9 желтоқсанында Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Отбасында ата-анасымен бірге екі әпкесі бар. Ол Жамбыл ауданындағы «Валерий Павлович Чкалова» атындағы орта мектебінде білім нәрімен сусындаған. Бала күнінен «Жасұлан» әскери-

патриоттық ұйымының мүшесі болған, сыныптастарының арасында беделді, мектеп өмірінде белсенді, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет білдіріп өскен. 2016 жылы  9 сыныпты аяқтай келе болашақ сарбаз мамандық таңдау жолында Тараз қаласындағы  «Темір жол көлігі мен коммуникация» колледжіне оқуға түсіп, 2019 жылы оқу орнын «жақсы» деген бағаға тәмәмдайды. Оның спортқа деген қызығушылығы да бала күнінен көріне бастайды.

«Біз жолдастарымызбен бірге алаңда үнемі жарысатынбыз, сыныптас достарыммен бірге спорттың кез-келген түрлерімен айналысатынбыз. Мен, әсіресе, таэквондо мен баскетболды жаным сүйетін, сондықтан осы екі спорт түрлеріне көп көңіл бөлетінмін» Ефрейтор Тахир Ильбеев

Қайран балалық шақ өтіп, колледжді тәмамдаған Тахир ата-

анасының жанында болады, 2022 жылдың 24 желтоқсанында Тараз қаласының Қорғаныс департаментінің бұйрығымен 18 жасар бозбала Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөліміне мерзімдік қызметке шақырылады. Алғашқы күннен бастап кешегі сарбаз өзінің қызметінде ширақтық танытып, өзгенің алдында тайсалмай қатарластарымен әскери өмірге бірден баулып кетеді.

Әкесі Мухамад ұлына атасының ерлігін дәріптеп, әрдайым айтып отыратын. Тахир атасының әскери киім үлгісін бала күнінен бастап көріп өскен, атасы Маликов Мухаммед Юсуровичтың көзін көрмесе де, Ұлы Отан соғысының ардагері екенін мақтан тұтады. Атап өтсек, Тахирдың атасы лейтенант Мухамад Юсурович Ұлы Отан соғысы кезінде 509 атқыштар полкы 2 пулемет ротасының взвод командирі болған, жасаған ерліктері үшін «Красное Знамя», «Ұлы Отан соғысының II дәрежелі» ордендерімен марапатталған.

  Қазіргі таңда даңқты ұрпақтың жалғасы ефрейтор Тахир Ильбеев 2 жедел мақсаттағы рота басқармасының сарбазы және сарбаз атқыштан ефрейтор шеніне көтерілген.

«Біздің ротаның міндеті – қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әскери қалашықты қорғау, ішкі қызметті ұйымдастыру. Жеке өзім қаруластарыммен бірге аман-есен үйге қайтар күнімді күтудемін, қазіргі таңда бейбіт заманның батырлары ол менің сарбаз жолдастарым, себебі күнделікті біз қала көшелерінде көптеген азаматтармен, оқиғалармен, келеңсіз әрекеттермен кездесеміз, бірақ әскери бөлімге келген жас жеткіншектер өздерінің ісіне жауап бере алатын, тәртіп бұзушылыққа жол бермейтін сарбаздар атанып отыр, бұл үлкен мақтаныш» Тахир Ильбеев 

Сарбаз жауынгерлік қызметте де, жауынгерлік дайындықта да үздік сарбаз, ротаның ғана емес, әскери бөлімнің де өміріне белсене қатысады, қызметтестерімен әрдайым тату, көбіне барлығын алға жетелейді. Аға буын сержанттар қатарына да сыйлы, берілген тапсырманы екі етпей бірден орындайды, әскери қызметте өздеріңіз білетіндей — бұл ең қажетті, — деп ойымен бөлісті 2 жедел мақсаттағы ротасының командирі капитан Раис Ибраев.

Тағы бір үздік сарбаздар қатарынан танылғандардың бірі – «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3517 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Ұлықбек Сәрсен.

Ол 2004 жылғы 16 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Петропавл қаласында дүниеге келген. Отбасында ата-анасы және екі ағасы бар. Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов, Қожаберген жырау сынды ұлы ғұламалардың жерінде туған бала әскерге де өз қалауымен келді. Балалық шағынан Ұлықбек қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихына қызығатын, өзінің айтуынша елінің тарихын білмеген халық – жетім халық, кең байтақ жерімізді қорғап қалған бабамызды қастерлей білу, ұлағатты сөздерін дәріптеу, жасаған еңбектерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру – ер адамның парызы деп біледі.

Ұлықбек ойын алаңында алдына жан бермес баскетбол ойыншысы  және  көңіл тартар әзілкештер арасында жайдарманшы.

«Мен 2 атқыштар ротасы 1 взводы 1 бөлімшесінің сарбазымын, қызметімнің алғашқы күнінен бастап, қызықты сәттер өте көп болды. Ату алаңына барған алғашқы сәттерді ұмытпасымыз анық және рота үй-жайында кешкі уақытта жолдастарыммен ән айтып, көңілді уақыт өткізетінбіз , ол сәттердің ешқашан ұмытылмасы анық» Сарбаз

Батыр бабамыз полковник

Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген қанатты сөзі бар, сондағы ойы болашақ Отан қорғаушылар қатары тек әскер қатарында емес, күнделікті Отанның тыныштығын ойлайтын ұрпақ болсын деген ойы шығар, сонау Керей мен Жәнібек хандар іргесін қалаған қазақ жері Қазақстан Республикасы атанып отыр, аға буынға лайық туар ұрпағымыз көп болғай!

Капитан Алияр ДҮЙСЕНБАЙ,

Қарағанды қаласы

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика