236 rob
Ү.ж. 13 ақпанында Премьер-Министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен сауда және интеграция мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Отырыста қатысушылар қосылған құн салығын қайтару мәселелерін, Қазақстан Республикасын тауарлардың шығарылған елі ретінде анықтаудың жаңа тәсілдерін талқылады, әртүрлі салалар бойынша техникалық регламенттерді, оларда өнім нарығына қолжетімділікті шектейтін орындалатын және орындалмайтын талаптарды белгілеу бөлігінде, тауар сапасын растау, тауарларды сертификаттауға қатысты мәселелер қарады.
Сонымен қатар, отырыста дауыс беру арқылы кеңес төрағасы сайланды. Қоғамдық кеңес мүшелері екі кандидатты ұсынды: «ҚР-дағы өңірлік сауда жылжымайтын мүлік иелері қауымдастығы» ЗТжЖКБ басқарма төрағасы Руслан Шаекин және «Өңдеу өнеркәсібі одағы» ЗТБ басқарма төрағасының орынбасары Әділбек Бектібаев. Қатысушылардың көпшілігі Руслан Шаекинге дауыс берді.
Айта кету керек, отырыста қатысушылар бірлескен мәселелерді шешуде өзара әрекеттесе бастады. Мысалы, «Ақтөбе облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы» ҚБ төрағасы Арслан Қарханов сатылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сапасы мәселесін көтерді. Бұл сұраққа «Bastama «бизнеске реттеушілік және салықтық әсерді бағалау институты» қауымдастығының президенті Темірлан Жақыпбеков жауап беріп, «Атамекен» ҰКП салалық сараптамалық тобының алаңында бұл мәселені көтеріп қойғанын, заңнамалық актілерге тиісті түзетулер дайындалып жатқанын атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Қоғамдық кеңес қатысушыларына алғысын білдіріп, барлық мүшелерге қызметтік куәліктерін табыс етті.
Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық кеңес үш жыл мерзімге сайланады. Кеңестің өкілеттіктеріне бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, Министрліктің стратегиялық жоспарларын және олардың орындалу барысын талқылау, НҚА жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу, ҚР заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және тағы басқалар жатады.
Источник: qazaq.asia