514 rob
Сенатор Сұлтанбек Мәкежановтың төрағалық етуімен Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Депутаттар «Кедендік әкелу баждарының (балама қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Заңда бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу тәртібін, кезеңдері мен мерзімдерін, анықталған бұзушылықтарды жою тетігін, сондай-ақ тексеруге қатысушылардың өзара іс-қимылының ұйымдастырушылық мәселелерін халықаралық шарт деңгейінде бекіту ұсынылып отыр.
Келісімді ратификациялау ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа кедендік әкелу баждарының сомасын есепке алу және бөлу тәртібінің сақталуына, бюджет қаржысының заңдылығы мен уақытылы қозғалысын бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ЕАЭО қызметінің негізгі реттеуші тетіктері ретінде кедендік әкелу баждарының сомасын есепке алу және бөлу тәртібін жетілдіру жөніндегі бірқатар міндеттерді орындау тиімділігін арттыруға қызмет ететін болады.
Заң палатаның қарауына жіберілді.
Источник: qazaq.asia