Сенаторлар Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Сенаторлар Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

636 rob

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Бақытжан Жұмағұлов, Сұлтанбек Мәкежанов, Динар Нөкетаева және Ләззат Қалтаева Алматы қаласына жұмыс сапары аясында қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сенаторлар кездесу барысында Сенаттың өңір мәслихаттарымен өзара іс-қимылын күшейтудің маңыздылығын атап өтті және еліміз Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспардың орындалу барысына егжей-тегжейлі тоқталды. Жиналғандар елімізде жүргізіліп жатқан кешенді реформалар мен саяси жүйені жаңғырту жолдарын талқылады.

Шара барысында сондай-ақ Алматы қаласының бірқатар экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелері де сараланды. Депутаттар мүгедектігі бар адамдар үшін бұқаралық спортты дамыту, дәрі-дәрмек бағасының өсуі, ақыл-ой кемістігі бар балаларға мүгедектікті тағайындау тетіктерін қайта қарау, шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары мәселелерін көтерді.

Сенаторлар Алматы қаласына жұмыс сапары аясында қаланың Қоғамдық кеңесі төралқасының мүшелерімен де кездесті. Сенаторлар кездесу барысында Палата қызметінің қорытындылары туралы айтты және өткен жылы қабылданған заңдардың негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика