Сенаторлар Ұлттық қор қаржысын ұтымды және тиімді пайдалану мәселелерін талқылады

Сенаторлар Ұлттық қор қаржысын ұтымды және тиімді пайдалану мәселелерін талқылады

259 rob

Фотосурет: Б.Серікбай

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Ұлттық Банктің, ұлттық экономика, қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім, әділет министрліктерінің, сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Комитет төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов Парламент Сенатында Ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды одан әрі арттыру және Қордың инвестициялық кіріс көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу мәселелері тұрақты түрде талқыланып келе жатқанын атап өтті.

 «Бүгінгі таңда экономикалық бағыттағы жаңа басымдықтардың бірі – ұлттық табысты әділ бөлу болып табылады. Мұнда әрбір отбасы еліміздің байлығын пайдаланудан нақты пайда табуы тиіс. Осыған орай еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарияланған Балалар жылы аясында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың үрдісіне сай және «Әділетті Қазақстан» идеясымен үндесетін «Ұлттық қор – балаларға» жаңа негіздегі бағдарлама түріндегі аса маңызды әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруды тапсырды» Сұлтанбек Мәкежанов

Кездесуге қатысушылар Ұлттық қор қаржысын пайдалану жөніндегі істердің ағымдағы жай-күйін талқылады және оларды пайдаланудың жаңа тәсілдерімен де танысты. Сондай-ақ еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту және болашақ ұрпақ үшін қаржы жинақтау мәселелерін талқылады.

Сенаторлар кездесу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі заң шығару қызметінде көрініс табатынын атап өтті.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика