Сенаторлар инженерлік коммуникациялар құрылысымен танысты

Сенаторлар инженерлік коммуникациялар құрылысымен танысты

385 Awrora

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серікбай Трұмов пен Сүйіндік Алдашев Ақтау қаласындағы кәріздік тазарту құрылыстарының екінші кезектегі құрылыс алаңында болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сенаторлар қаладағы ауыз су тапшылығын шешу мақсатында жүргізіліп жатқан су тазарту ғимараттары мен су қоймаларының құрылысымен де танысты.

«Бұл жобалар қала үшін өте маңызды. Сондықтан құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, оларды мерзімінде аяқтау қажет. Қазір елімізде инженерлік желілердің жай-күйіне ерекше назар аударылуда. Сенатта «Өңір» депутаттық тобы саладағы жағдайды жақсарту  жобасын ұсынып, оны Үкіметке тапсырды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді» сенатор Серікбай Трумов

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика