Сенаторлар есту қабілеті нашар адамдарды қолдау мәселелерін талқылады

Сенаторлар есту қабілеті нашар адамдарды қолдау мәселелерін талқылады

113 rob

Фотосурет: Б.Серікбай

ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Ақмарал Әлназарова мен Ләззат Қалтаева есту қабілеті нашар адамдарды қолдау мәселелері бойынша маманданған мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуге қатысушылар нашар еститін адамдарға жоғары, орта және қосымша білім алуға қол жеткізудегі проблемалар мен оқуға түсу кезінде қажетті бағдарламалар мен сурдоаудармашылардың жоқтығы туралы мәселелерді талқылады.

Сенаторлар сонымен қатар мүгедектігі бар дарынды жастарға еліміздің барлық өңірлерінде спорттық-мәдени шараларға еркін қол жеткізуге мүмкіндік берудің маңыздылығын атап өтті. Парламентшілердің айтуынша, бұл жастардың өз қабілетін танытуға ынталандыруға көмектеседі.

Кездесу қорытындысы бойынша есту қабілеті нашар қазақстандықтардың өмірін одан әрі жақсарту жөніндегі ұсынымдар топтамасы мемлекеттік органдарға жіберілетін болды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика