279 rob
Фотосурет: Б.Серікбай
Сенат депутаттары Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының еңбек дауларын реттеу және келіссөз процесін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге қатысты заңды талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң келіссөздерді ұйымдастыруды жеңілдету, келісу комиссиялары институтын, еңбек арбитражын және еңбек дауларын шешудегі кәсіптік одақтардың рөлін күшейту мақсатында әзірленген болатын.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» заңына енгізілетін түзетулер қызметкерлерге еңбек арбитражына ұжымдық еңбек дауын қарау кезеңінде бір сағаттық ескерту ереуілін өткізу құқығын беруге, сондай-ақ ұжымдық еңбек дауларын шешудегі кәсіптік одақтардың рөлін күшейтуге көмектесетін болады.
Комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.
Источник: qazaq.asia