421 Awrora
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Түркістан облысы Бәйдібек ауданының ауылдық елді мекендерінде болып, азаматтардың әлеуметтік және тұрмыстық жағдайларымен танысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
2023 жылдың қаңтар айының басында ауа райы күрт салқындады және қалың қардың түсуіне байланысты ауданның бірқатар елді мекендерінде жарық пен табиғи газ беруде іркілістер болып, ауылдар арасындағы жолдар жабылған болатын.
Сенаторлар азаматтармен кездесуде ауылдарда инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде газ және су құбырларын салу, жол қатынасы, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету, сондай-ақ жайылымдық жерлердің тапшылығы мәселелерін талқылады.
Сенаторлар сонымен қатар елімізде жүзеге асып жатқан экономикалық және саяси реформалар мен Парламент Сенатының заң шығару қызметі туралы айтып берді.
Источник: qazaq.asia