278 rob
Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Қайратбек Мырзакелдимен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кездесу барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша жаңадан құрылған Өкілдіктің ағымдағы жұмысы, алдағы мақсаттар мен жоспары туралы сенаторларға ақпарат берілді.
Сенаторлар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылы Парламент «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң қабылдағанын атап өтті. Құжат адам құқықтарын қорғау саласын одан әрі жетілдіруге және уәкілдің құзыреті мен тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған.
«Осы Конституциялық заңның мәртебесі елімізде азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше мән берілетінін атап көрсетеді. Сонымен қатар, заңдағы жаңалықтарға сәйкес қазіргі кезде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері өңірлерде пайда болды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі ретінде Сізді азаматтардың өтініштерін жан-жақты қаралуына жәрдемдеседі, өкілдік қызметінің оңтайлы қалыптастырады және жұмысты тиімді ұйымдастырады деп үміттенеміз» Нұрлан Бекназаров
Сенаторлар Шымкентте азаматтарға жеке мәселелері бойынша қабылдау да өткізді. Тұрғындар осындай кездесулер барысында тұрғын үй, жерді ұтымды пайдалану, көшелерді төсеу және денсаулық сақтау саласы мәселелеріне қатысты тақырыптарды көтерді.
Источник: qazaq.asia