Сенатор Сергей Карплюк өңірдегі жолдарды салуға қосымша ақша бөлу туралы айтып берді

Сенатор Сергей Карплюк өңірдегі жолдарды салуға қосымша ақша бөлу туралы айтып берді

368 Awrora

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Карплюк Қостанай облысы мәслихатының депутаттарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сенатор кездесу барысында Сенат жұмысының жаңа сипаты және өткен жылы қабылданған заңдар туралы айтты. Онда «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасын талқылау барысында құжатқа облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға арналған шығыстарды қайта қарауға қатысты өзгерістер енгізілгені белгілі болды. Нәтижесінде Қостанай облысы үшін жылына қосымша 11 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

«Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жолдардың жақсы болғаны маңызды екенін бәріміз білеміз. Сондықтан Қостанай өңіріндегі облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға қосымша қаржы бөлу мәселесі біз үшін ерекше маңызға ие болды. Қазір бөлінетін қосымша қаржы жақсы және қанағаттанарлық жағдайы бар автомобиль жолдардың үлесін арттыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді деп үміттенемін. Бұл өз кезегінде азаматтардың күнделікті өмірін жақсартуға әсер етеді» Сергей Карплюк 

Сергей Карплюк облыстық балалар ауруханасында болып, мердігер өкілдерімен кездесті және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Депутатқа бүгінгі күні осы жоба бойынша жөндеу жұмыстарын аяқтауға қажетті соманы нақтылау үшін түзету жүргізіліп жатқаны туралы хабарланды. Түзету аяқталғаннан кейін бұл жоба мемлекеттік сараптамаға жіберіледі, содан кейін жөндеуді аяқтау мүмкіндігі анықталатын болады.

Сенатор сапар аясында көтерілген барлық мәселелер заң шығару қызметі барысында тиісті мемлекеттік органдар тарапынан ескеріліп, пысықталатынын атап өтті.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика