Сенатор Арғынбекова денсаулық сақтаудың проблемалық мәселелерін Ядролық медицина орталығының ұжымымен талқылады

Сенатор Арғынбекова денсаулық сақтаудың проблемалық мәселелерін Ядролық медицина орталығының ұжымымен талқылады

417 Awrora

Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығында болып, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін мекеме ұжымымен бірге талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сенатор ядролық медицинаның диагностика мен терапияда қолданылатын заманауи әдістері онкологиялық және басқа аурулармен күресуде жаңа деңгейге көшуге мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.

«Біздің елімізді одан әрі дамыту үшін Қазақстанда ядролық медицина әдістерін жоспарлай отырып, дәйекті түрде енгізу керек. Бұл отандық денсаулық сақтауды дамытудың жаңа кезеңі, сондықтан қазір ерекше назарда болуы тиіс»  Айнұр Арғынбекова

Сенатор сонымен қатар ионды сәуле көздерімен жұмыс істейтін ядролық медицина объектілерін және басқа да денсаулық сақтау мекемелерін іске қосуда бірқатар кемшіліктер бар екенін атап өтті. 

«Осы проблемалық мәселелерді шешуді тиісті мемлекеттік органдар ядролық медицина объектілерін одан әрі салу кезінде бақылауға алуы тиіс» Айнұр Арғынбекова

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика