379 Awrora
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Сенатор №5 қалалық емханада болып, жаңа Қан орталығы ғимараты құрылысының барысымен танысты.
Ол осындағы жұмыс барысымен танысу кезінде құрылыс сапасын бақылаудың маңыздылығын атап өтті. Депутат сондай-ақ облыстық онкологиялық орталықта да болып, бөлімшелерді аралады және пациенттердің ұсыныстары мен тілектерін тыңдады.
«Қазір елімізде үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Реформалар саяси және экономикалық саланы қамтиды және әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударылып отыр. Сондықтан барлық әлеуметтік нысандар жоғары сапа стандарттарына сай болуы маңызды» сенатор Ақмарал Әлназарова
Источник: qazaq.asia