217 rob
Фотосурет: Алматы қаласының әкімдігі
Осылайша, сары түсті автобустар Алматыдағы тағы 27 мектептің оқушыларын тасымалдайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында депутаттардың сұрағына жауап берді.
Оның айтуынша, мониторинг барысында мектепке қатынауы қиын қаланың шалғай жерінде тұратын 8258 оқушы анықталды. Жағдайды жіті зерттеуден кейін «Мектеп автобусы» жобасын жалғастыру аясында оқушыларды көптеп тасымалдау туралы шешім қабылданды.
«Алматы әкімінің тапсырмасымен пилоттық жоба аясында биыл 30 мектепке 100 автобус сатып алынды. Ата-аналардың өтінішін зерделеп, Алатау мен Түрксіб ауданындағы тағы 5 мектептің оқушыларын тасымалдау жоспарланған. Бұл жекелеген ауданда тұратын оқушылардың қатынауын қамтамасыз етеді», — деді Ләззат Жылқыбаева.
Естеріңізге сала кетейік, «Мектеп автобусы» жобасы биыл Алматыда әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жүзеге асты. Оған қала бюджетінен 5 миллиард теңгеге 100 арнайы автобус сатып алды.
2024 жылы тағы 100 автобус сатып алып, шаһардың қосымша 27 мектебін қамту көзделіп отыр.
Источник: qazaq.asia