200 rob
Фотосурет: baspasöz_habarlamasy
Астанада «Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес: проблемалары мен шешімдері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның екінші күні өтуде, деп хабарлайды DKNews.kz.
Конференцияға қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев құттықтады.
Конференция 23-24 қарашада Астанада өтіп жатыр және мұны Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі ұйымдастырды.
Шараға осы саладағы беделді сарапшылар – құқық қорғаушылар, әртүрлі елдердің омбудсмендері, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, дағдарыс орталықтарының басшылары, зерттеушілер, ғалымдар, депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары жиналды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер – тұрмыстық зорлық-зомбылықты барынша азайтуға бағытталған, сондай-ақ әйелдер құқықтары мен гендерлік теңдік саласындағы әкімшілік және қылмыстық заңнаманы жетілдіру.
Источник: qazaq.asia