"Самұрық-Қазына" қорының қолдауымен Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сарыжаз ауылында футбол алаңы салынды. Бұл "Samruk-Kazyna Trust" қорының
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сарыжаз ауылында футбол алаңы салынды. Бұл «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен еліміз бойынша соңғы екі жылда ашылған 26-шы спорт алаңы, ал сарыжаздықтар үшін бірінші алаң.
Футбол алаңының ашылу салтанатына, «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиева, аудан басшылығы, қоғам белсенділері, журналистер мен тұрғындар қатысты.
«Самұрық-Қазына» қоры бұқаралық спортты дамыту және балаларға спорттық инфрақұрылымды қолжетімді ету бағытында нәтижелі істер атқарып келеді. Қордың қаржыландыруымен еліміздің шалғай елдімекендеріне тарту етілген спорт алаңдарынан бөлек, еліміздің бес өңірінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен көпфункционалды спорт кешендері салынды. Олар қазір халық игілігіне жарап тұр. Бұдан бөлек бүгінде 23 елді екенде ерекше балаларға арналған инклюзивті секциялар жұмыс істейді. Осындай үйірмелердің бірі Түркістан өңірінде де бар», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.
Сарыжаз ауылындағы спорт алаңының құрылысы өткен қыркүйек айында басталған болатын. Оған 18,2 млн теңге қаражат жұмсалды. Жалпы ауданы 800 шаршы метр болатын алаңға жасанды көгал төселген. Спорт нысанының жан-жағы арнайы қоршаумен қоршалып, абаттандырылды. Енді мұнда түрлі жарыстар ұйымдастырылып, Сарыжаз және жақын маңдағы ауылдардағы 100-ден астам бала мен жасөспірімнің спортпен айналысуына мүмкіндік туды.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындар атынан «Самұрық-Қазына» АҚ алғысын білдіріп, Қор қолдауымен ауылда көптен күткен әлеуметтік мәселелердің бірі шешілгенін атап өтті.
Жарнамалық материал
Источник: qazaq.asia