Салтанат Нүкенованың өлімі: Бас прокуратура тергеу барысы туралы айтты Кеше, 09:10

Салтанат Нүкенованың өлімі: Бас прокуратура тергеу барысы туралы айтты
Кеше, 09:10

Бас прокуратура әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі туралы айтты, — деп

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Әлеуметтік желіден алынған сурет

Бас прокуратура әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, бүгінде Қуандық Бишімбаев қамауда отырғаны айтылған.

«Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген Бас прокуратура жауабында.

Бап 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Сонымен қатар, Бас прокуратура тағы үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қылмыстық Кодекстің 432-бабы («Қылмысты жасырып қалу»), ҚК-нің 119-бабы («Қауiптi жағдайда қалдыру») және ҚК-нің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау») бойынша қылмыстық істер қозғалды», — деп толықтырды қадағалау органы.

Олар қылмыстық істердің тергеу сатысында екенін және Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жарияланбайтынын айтты.

Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол — Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика