Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бірқатар лауазымды қызметкері жемқорлық әрекеті үшін күдікті ретінде ұсталды, — деп хабарлайды
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бірқатар лауазымды қызметкері жемқорлық әрекеті үшін күдікті ретінде ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Шымкенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК бас директорына, оның бірқатар бағыныстыларына, сонымен бірге комитеттің бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына қатысты алдау және сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді», — делінген Антикор таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта лауазымды тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia