Сайлауды байқау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді, коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудің мәселелері туралы ҚР ОСК-да айтылды

Сайлауды байқау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді, коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудің мәселелері туралы ҚР ОСК-да айтылды

186 rob

«Сайлауды байқау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді, коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы» төртінші мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова баяндады, деп хабарлайды ҚР ОСК баспасөз қызметі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ол аккредиттеу тәртібі ҚР Орталық сайлау комиссиясының (ҚР ӘМ 27 желтоқсандағы № 31294 тіркелген) қаулысымен бекітілгенін хабарлады.

Жарғылық қызметінде сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру көзделген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар аккредиттеуге жатады. Саяси партиялардан байқауды жүзеге асыру үшін аккредиттеу талап етілмейді.

Аккредиттеуді өткізу тәртібіне сәйкес республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар ҚР ОСК комиссиясында аккредиттеуді алады. Тиісінше, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Аккредиттеуді алу үшін қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар жоғарыда көрсетілген қағидаларда белгіленген нысан бойынша өтініш және сайлауды байқауды жүзеге асыру құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірме беруі тиіс.

Құжаттарды қабылдағаннан кейін комиссиялар аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қарайды және қабылдайды.

Өтініштерді қарау мерзімі күнтізбелік 30 күнді құрайды. Себебі процесс жарғының түпнұсқалығын растау және ұйымның мәртебесі туралы ақпарат алу үшін әділет органдарына сұрау салуды көздейді. Әділет органдары өтінішті 20 күнтізбелік күн ішінде қарайды.

Осыдан кейін бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәлік немесе бас тарту туралы жазбаша хабарлама беріледі.

Заңнамада құжаттардың толық тізбесін ұсынбау, жарғының осы баптың талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің, коммерциялық емес ұйымның қызметі тоқтатыла тұруы не тоқтатылған жағдайда аккредиттеуден бас тарту немесе аккредиттеудің күшін жоюға негіз болады.

Аккредиттеу мерзімі-1 жыл.

Сайлау комиссиялары берген аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу аясы келесідей:

  • республикалық ҚБ мен КЕҰ барлық сайлауға қатысу құқығы беріледі;
  • өңірлік және ҚБ мен КЕҰ олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар облыстар шегінде барлық сайлауға қатысу құқығы беріледі.
  • тиісінше, жергілікті ҚБ және КЕҰ бір облыс шегінде жыл ішінде «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» Конституциялық заңмен реттелетін барлық сайлауға қатысу құқығын алады.

Сайлауда байқаушының аккредиттелген қызметін тиісті сайлау комиссиясы аккредиттеуге ұсынылған құжаттарда сенімсіз немесе бұрмаланған деректер анықталған жағдайда, сол сияқты қоғамдық бірлестіктің, коммерциялық емес ұйымның қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруы мүмкін.

Куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар жойылған кезде оның қолданылуын тиісті сайлау комиссиясы комиссия шешімінің негізінде қайта рәсімдейді.

Егер анықталған бұзушылықтар мерзімінде жойылмаса не аккредиттелген бірлестік немесе ұйым қайта ұйымдастырылуға немесе таратылуға ұшыраса не қоғамдық бірлестіктің немесе коммерциялық емес ұйымның куәліктің қолданылуын ерікті түрде тоқтату туралы өтініші негізінде аккредиттеу туралы куәлік өзінің қолданылуын тоқтатады.

Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі өткеннен кейін күші жойылады.

Аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың тізімі бес жұмыс күні ішінде ҚР ОСК интернет-ресурсында орналастырылады. Аккредиттеу туралы куәліктері тоқтатылған немесе өз қызметін тоқтатқан ұйымдардың тізімі де жарияланады. Аймақтар бойынша деректер де осы тізілімде көрсетіледі.

А.ж. 21 қаңтардағы жағдай бойынша сайлау комиссияларына аккредиттеуге 2 өтініш келіп түсті.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика