Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ауа-райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға үндеу жолдап, сабыр сақтауға шақырды, — деп хабарлайды
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
pavlodarnews.kz
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ауа-райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға үндеу жолдап, сабыр сақтауға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыс әкімі бұл туралы әлеуметтік желідегі Instagram парақшасында жазды.
«Желдің қатты екпініне байланысты (20 метр/секундтан астам) мүмкіндігінше көшеге шығудан бас тартуларыңызды сұраймын. Облыс бойынша ғимараттардан шатырлардың ұшып кетіп, электр қуатының өшіп қалды, сондай-ақ ағаштар құлады. Төтенше жағдайлар департаменті күштері мен коммуналдық қызметтер табиғи апаттың салдарын жою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Біз барлық жұмысты мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргіземіз. Сабыр сақтауларыңызды сұраймын», — деп жазды әкім.
Айта кетейік, қазіргі таңда ТЖД штаб құрылып, жедел желі жұмыс істеп жатыр. Байланыс нөмірі: + 7 7182 32 36 92 және 112, сонымен қатар 109 нөміріне хабарласуға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia