Сақтандыру ұйымдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді

Сақтандыру ұйымдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді

183 rob

Фотосурет: АР

2023 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қаулыда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін тәуекелдерді бағалау және басқару құралдарын жетілдіру көзделген. Стресс-тестілеудің 5 сценарийін өзектендіру және 4 жаңа сценарий әзірлеу көзделеді.

Атап айтқанда, валюталық, бағалау, пайыздық тәуекелдер бойынша стресс-тестілеу сценарийлері, сондай-ақ индекстеу мөлшерлемесінің өсуіне және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының бұзылуына байланысты аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар резервінің ұлғаю сценарийлері өзекті статистикалық көрсеткіштерді ескере отырып пысықталды.

Бұдан басқа, сақтандыру ұйымдарының ерекше тәуекелдері бойынша қосымша сценарийлер әзірленді: сақтандыру сыйлықақыларын жинауды тоқтата тұру, орын алмаған шығындар резервін ұлғайту, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзу, қайта сақтандырушының төлемді уақтылы жүзеге асырмау сценарийлері және т.б.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен кейін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика