Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданы, Смирново ауылындағы екі қабатты үйде газ-ауа қоспасының жарылуынан орын алған өрт орнында болды, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккен үй тұрғыны аудандық ауруханаға, кейін қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
«Өкінішке орай, өрт бір адамның өмірін қиды. Отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Зардап шеккен отбасыға барлық қажетті көмек көрсетіледі», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
Қыстың келуімен тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі мәселесі өзекті болып отыр.
«Бүгін таңертең қала және аудандар әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, онда өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтау мен алдын алудың маңыздылығын тағы бір мәрте атап өттім. Сондай-ақ, тұрғын үйлер мен нысандардағы газ баллондардың бар-жоғын тексеріп, тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, келесі жылы аудандық көпқабатты үйлерді жылуға қосуды жоспарлауды тапсырдым», — деп атап өтті облыс әкімі.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Источник: qazaq.asia