СҚО-да өрт қауіпсіздігі айлығы аясында профилактикалық іс-шаралар өткізілуде

СҚО-да өрт қауіпсіздігі айлығы аясында профилактикалық іс-шаралар өткізілуде

281 rob

Тұрмыстық өрттердің алдын алу — азаматтық қорғау органдарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Есіл ауданы төтенше жағдайлар мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі айлығы аясында аудан орталығы Явленка ауылында өрттердің алдын алу бойынша масштабты іс-шаралар өткізді. Аталған іс-шараға полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен белсенділер және «Аманат» партиясының мүшелері қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Жылу беру кезеңінде Есіл ауданындағы тұрғын үй секторында 11 өрт оқиғасы тіркелді. Өрттердің салдарынан 3 адам қаза тапты. Адамдардың өмірін сақтап қалу мен өрттерді болдырмау үшін біз алдын алу жұмыстарын күшейтіп жатырмыз», – деп іс-шараға қатысушылардың саптық тізілуі барсында Есіл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жұлдыз Есенғазин айтты.

Қауіпсіздік шаралары туралы қысқаша нұсқаудан кейін өрт сөндіру қызметі, ішкі істер бөлімі, жастар ресурстық орталығының еріктілері мен «Аманат» партиясының мүшелерінен құралған бірлескен топтар өрттің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізуге кірісті. Ең алдымен, «Алтын Есіл» супермаркетінің маңында азаматтар көп жиналатын орындарда тұрғындарға өрт қауіпсіздігі туралы жадынамалар мен брошюралар таратылды, көліктегі өрттің алдын алу туралы алдын алу жұмысынан көлік иелері де назардан тыс қалмады.

«Аманат» партиясы тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алуға белсенді атсалысады. Партия мүшелері төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірлесе отырып, тұрақты түрде тұрғындармен жиындар өткізеді, тұрғын үй секторында рейдттер өткізеді, онда өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері түсіндіріледі. Бұл бірлескен жұмысты алдағы уақытта да жалғастырамыз», – деп сұхбат беру барысында «Аманат» партиясының мүшесі Александр Поневин айтты.

Өрттің алдын алуда балалардың отпен ойнауына да баса назар аударылады. Аудан орталығының №1 орта мектептің мәжіліс залында құтқарушылар оқушыларға бейнероликтер көрсете отырып, өрт қауіпсіздігі бойынша ашық сабақ өткізді.

Құтқарушылар жылыту пеші мен электр сымдарының жай-күйін визуалды тексере отырып, үй-үйді аралау кезінде өрттің алдын алуға басымдық танытады, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері анықталған жағдайда, бұзушылықтарды мүмкіндігінше тезірек жоюды ұсынады. Мәселен, Людмила Николаевна Заболотнойдың үйінде құтқарушылар пештің алдына металл төсемді орнатты, сонымен қатар тұрғын үйді өрт немесе өрт болған жағдайда үй тұрғындарына қатты дыбыспен хабарлайтын автономды түтін датчигін орнатты. Зейнеткер жасап жатқан көмек үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері улы газбен уланудың алдын алу жұмыстарына баса назар аударды. Жуырда ғана Явленка ауылында үй иесі түнде жылыту пешінің мұржасын мерзімінен бұрын жауып, соның салдарынан бүкіл отбасы улы газбен уланып, аудандық ауруханаға жатқызылды.

Құтқарушылар жай ғана сөздермен шектелген жоқ, тулы газдың қаупін болдырмау үшін құтқарушылар тұрғын үй секторын аралау кезінде үй иелерінің рұқсатымен пештің мұржасын жабатын металл ысырма бойында бұрғымен тесіктер жасап жатыр. Бұл пештің мұржасын мерзімінен бұрын жабу кезінде қауіпті газдың мұржа бойымен шығып кетуіне үлесін қосады. 

Өткен жылы Есіл ауданы әкімдігі заманауи дыбыстық құлақтандыру қондырғыларын сатып алды, олар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелері туралы хабардар ету кезінде де қолданылады. Бұл заманауи ақпараттандыру құрылғылары өрттердің алдын алу жұмыстарымен аудан орталығының тұрғындарын толық қамтуға мүмкіндік береді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика