СҚО-да Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай қызылша жұқтырды Кеше, 17:45

СҚО-да Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай қызылша жұқтырды
Кеше, 17:45

Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында 17 курсант қызылша ауруын жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, — деп

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото:depositphotos.com

Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында 17 курсант қызылша ауруын жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алғашында Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы 29 жағдай туралы хабарлады. Министр бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«29 адам күдікпен (қызылша жұқтырды деген – еск.) түсті, оның 17-сі расталды. Қазір респираторлық вирустық инфекциялардың эпидемиологиялық маусымы, түрлі инфекциялар жүріп жатыр, соның ішінде тұмау, парагрипп бар. Қалғандарына басқа диагноз қойылды», — деді Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде.

Министрдің айтуынша, қазірдің өзінде 16 адам жазылып, ауруханадан шығарылған. Бір адам медициналық бөлімде ем қабылдап жатыр. Бұл ретте академияда карантин енгізілмеген.

«Біреуі (курсант – еск.) қазір медициналық бөлімде емделіп жатыр. Қалғандары жазылып шықты. Негізінен екпе алған немесе бұрын ауырғандар өмір бойы тұрақты иммунитетке ие. Ал ауырмағандар жұқтырған, онда да жеңіл түрде», — деді Ғиният.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика