430 rob
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 15:10 шамасында Нива маркалы автокөліктің жүргізушісі жолаушымен Алакөл көлін мұз үстімен кесіп өткен болатын. Мұз жамылғысының сынуы нәтижесінде көлік су астында қалды. Көлікте отырған жолаушы көліктен шыға алды. Өкінішке орай, жүргізуші көлік салонынан шыға алмай суға батып кетті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Іздеу жұмысы барысында бүгін 14 қаңтарда таңертең сағат 11.00-де Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен жер бетіне шығарды.
Жұмыстарға ҚР ТЖМ күштері мен құралдары Абай облысының жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 25 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды.
Источник: qazaq.asia