ҚҚС бойынша салық мәселелерін қалай болдырмауға болады: табалдырықтар мен ережелер

ҚҚС бойынша салық мәселелерін қалай болдырмауға болады: табалдырықтар мен ережелер

168 Арман

Фотосурет: Kapital.kz

Салық кодексіне сәйкес, егер кәсіпкердің кірісі 20 000 АЕК (69,0 млн теңге) асып кеткен жағдайда, ол ҚҚС төлеуші ретінде тіркелуге міндетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осы талапты сақтауы үшін мемлекеттік кірістер органдары 2021 жылғы қыркүйектен бастап көрсетілген кіріске жеткенге дейін хабарлама жолдау арқылы кәсіпкерлерді дербес ақпараттандырады.

2021 жылдан бастап барлығы 62 мың осындай хабарлама жолданды, нәтижесінде 2022 жылдың басынан бастап 10 084 салық төлеуші, оның ішінде:

  • 7 285 салық төлеуші – шекті мәннен асқаннан кейін.
  • 2 799 салық төлеуші – шекті мәннен асқанға дейін ҚҚС бойынша дербес есепке тұрды.

Бұл, осы салық төлеушілердің 2022 жылы 2,0 млрд. теңге ҚҚС-ты уақытылы төлеуіне мүмкіндік берді. Ағымдағы жылғы 9 айда бұл кәсіпкерлер қазірдің өзінде 27,3 млрд. теңге немесе 13 есе көп төледі.

ҚҚС төлеуші ретінде ерікті түрде тіркелмейтін салық төлеушілердің жекелеген санаттары бар. Мұндай салық төлеушілер ҚҚС бойынша есепке мәжбүрлеп қоюға жатады.

Мәселен, 2022-2023 жылдары шамамен 700 салық төлеуші мәжбүрлі түрде ҚҚС бойынша есепке қойылды. Олар жалпы сомасы 4,6 млрд. теңге айыппұл төлеуге тартылды.

Айта кетер жайт, салық төлеушілердің 90%-дан астамы ҚҚС төлеуші ретінде дербес тіркелуде және олар салық төлейді. Бұл кәсіпкерлердің салықтық мәдениеті деңгейінің өскенін көрсетеді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика